«Қыран қанатты ақын» атты поэзия сағаты өткізілді.
18 тамыз күні Шу қалалық №2 кітапхананың ұйымдастыруымен қазақтың көрнекті ақыны Қасым Аманжоловтың 115 жылдығына орай «Қыран қанатты ақын» атты поэзия сағаты өткізілді. Іс-шара барысында кітапханашы Қасым Аманжоловтың өмірі мен шығармашылығына тоқталып, ақынның қазақ әдебиетіндегі ерекше орны туралы айтып өтті.



