“Ядролық қаруға қарсы бүкіл әлемдік күрес” ақпарат сағат өтті.

14 тамыз күні №1 Шу қалалық кітапхана қызметкерінің ұйымдастырумен Семей ядролық полигонының жабылғанына 35 жыл толуына орай “Ядролық қаруға қарсы бүкіл әлемдік күрес” ақпарат сағат өтті. Іс -шара барысында ядролық қарудың адамзатқа және қоршаған ортаға тигізген зардабы, оның ауыр салдары және бейбітшілікті сақтаудың маңызы туралы кеңінен сөз қозғалды. Оқырмандарға Қазақстанның ядролық қарудан бас тарту жолы, Семей ядролық сынақ полигонының тарихы мен оның халыққа тигізген зардаптары туралы маңызды мәліметтер айтылып өтті. Максаты: Ядролық қарулардың адамзат баласына тигізетін ауыр зардаптарын түсіну.

Ядролық полигонды жабудағы Елбасының рөлін ашу. Ядролық қарудан бас тартқан еліміздің халықаралық аренадағы рөлін анықтау. Бейбітшілік, Отансүйгіштік қасиеттерді дамыту.