«Алашты ардақтаған абыз тұлға» атты тақырыптық кеш ұйымдастырылды.
13 тамыз күні Қонаев ауылдық кітапханасында Тұрсын Жұртбайдың 75 жылдығына орай «Алашты ардақтаған абыз тұлға» атты тақырыптық кеш ұйымдастырылды.
Шара барысында көрнекті жазушы, ғалым, алаштанушы Тұрсын Жұртбайдың өмірі мен шығармашылық жолы кеңінен таныстырылып, оның Алаш қайраткерлерінің өмірі мен мол мұрасын зерттеудегі елеулі еңбегі насихатталды.


