«Адамзат қалауы – ядросыз әлем» тәрбие сағаты өтті.
13 тамыз күні Алға ауылдық кітапханасының қызметкерінің ұйымдастыруымен «Адамзат қалауы – ядросыз әлем» тәрбие сағаты өтті.
Іс-шара барысында қатысушыларға ядролық қарудың адамзатқа және табиғатқа тигізетін зардаптары, Семей ядролық сынақ полигонының тарихы мен оның ауыр салдары туралы мағлұмат берілді. Сонымен қатар Қазақстанның ядролық қарудан бас тартуы және еліміздің бейбітшілік жолындағы бастамалары туралы айтылды.


