«Ядролық қарусыз болашаққа» тарихи сағат өтті.
13 тамыз күні «Ядролық қарусыз болашаққа» тарихи сағат.
Бүгін аудандық орталық кітапхананың оқырмандарға қызмет көрсету бөлімінің қызметкерлерінің ұйымдастыруымен Семей ядролық полигонының жабылғанына 35 жыл толуына орай «Ядролық қарусыз болашаққа» тарихи сағат өтті.
Іс-шара барысында ядролық қарудың адамзатқа және қоршаған ортаға тигізген зардабы, оның ауыр салдары және бейбітшілікті сақтаудың маңызы туралы кеңінен сөз қозғалды. Оқырмандарға Қазақстанның ядролық қарудан бас тарту жолы, Семей ядролық сынақ полигонының тарихы мен оның халыққа тигізген зардаптары туралы маңызды мәліметтер ұсынылды.




