«Біздің болашағымызда ядролық қаруға жол жоқ» ақпараттық сағат ұйымдастырылды.

7 тамыз күні Ақтөбе ауылдық кітапхана қызметкерінің ұйымдастыруымен «Біздің болашағымызда ядролық қаруға жол жоқ» тақырыбында ақпараттық сағат ұйымдастырылды.

Іс-шара барысында Қазақстанның ядролық қарудан ерікті түрде бас тартуы, Семей полигонының жабылуы және еліміздің қарусыздану мен бейбітшілік бастамаларын қолдаудағы рөлі туралы ақпарат берілді. Ядролық сынақтардың экология мен халық денсаулығына әсері жөнінде пікір алмасу өтті.