«Абай мұрасы – адамзаттың асыл қазынасы» оқу марафоны өткізілді.
7 тамыз күні «Абай мұрасы – адамзаттың асыл қазынасы» тақырыбында Мойынқұм ауылдық кітапханасында Абай Құнанбайұлының шығармашылық мұрасын насихаттау мақсатында оқу марафоны өткізілді.
Іс-шара барысында оқырмандарға ұлы ақынның өмірі мен шығармашылығы, өлеңдері мен қара сөздері туралы ақпарат беріліп, кітап көрмесі таныстырылды. Қатысушылар Абайдың тағылымды шығармаларын оқып, ақынның білімге, ғылымға, еңбекке және адамгершілікке үндеген ойларымен танысты.



