«Әлемге бейбітшілік нұрын шашқан» библиофреш өткізілді.

6 тамыз күні Шу қалалық №2 кітапхананың ұйымдастыруымен «Әлемге бейбітшілік нұрын шашқан» библиофреш өткізілді.

Іс-шара барысында кітапханашы бейбітшіліктің адамзат үшін ең қымбат құндылық екенін атап өтті. Тарихта адамзатқа орны толмас қасірет әкелген оқиғалардың бірі – Семей ядролық сынақ полигоны екені айтылып, оның халық денсаулығына, қоршаған ортаға тигізген ауыр зардаптары туралы жан-жақты мәлімет берілді.