«Мерекең құтты болсын, теміржолшы» кездесу кешін өткізді.

4 тамыз күні орталық кітапхананың оқырмандарға қызмет көрсету бөлім

қызметкерлерінің ұйымдастыруымен тамыз айының алғашқы жексенбісі – теміржолшылардың кәсіби мерекесіне орай «Мерекең құтты болсын, теміржолшы» кездесу кешін өткізді. Теміржол саласында ұзақ жыл еңбек етіп келе жатқан тәжірибелі маман Абдыхайымов Бектияр Тұрғынбайұлы және аға шебер У.Нарбаев

теміржол саласы қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен шын жүректен құттықтап, бұл саланың ел экономикасы мен халықтың

тыныс-тіршілігіндегі маңызына ерекше

тоқталды.