«Теміржол ықпалдастықтың күре тамыры» ақпараттық тайм ұйымдастырып өткізді.
30 шілде күні №3 Шу қалалық кітапхана қызметкерлері «Теміржол ықпалдастықтың күре тамыры» ақпараттық тайм ұйымдастырып өткізді.
Іс шара барысында Қазақстан теміржолының қалыптасу тарихы, теміржолшылардың күнделікті еңбегі, сала мамандарының жауапкершілігі туралы баяндалып, теміржол саласында еңбек етіп жүрген азаматтардың ел экономикасының дамуына қосқан үлесі туралы айтылып, олардың еңбегіне құрмет көрсету қажеттігі атап өтілді.
Іс-шара соңында қатысушылар өз ойларымен бөлісіп, теміржолшы мамандығының қоғам үшін маңызы зор екендігі туралы айтты.




