«Жас Алаштың ұлы жаршысы» ақпараттық сағат ұйымдастырып өткізді.

24 шілде күні №3 Шу қалалық кітапхана қызметкерлері «Жас Алаштың ұлы жаршысы» ақпараттық сағат ұйымдастырып өткізді.

Іс-шара барысында «Жас Алаш» газетінің қалыптасу тарихы, ел өміріндегі орны мен қоғамдағы рөлі туралы мазмұны баяндалып, газет беттерінде жарық көрген тарихи материалдар таныстырылып, қатысушылар арасында пікір алмасты.

Мақсаты: Ұлттық басылымның тарихын насихаттау, қазақ журналистикасының дамуына қосқан үлесін дәріптеу және жастардың баспасөзге деген қызығушылығын арттыру болды.