«Ғарыш саңлағы» атты буктрейлер ұйымдастырды.

23 шілде күні Тұңғыш қазақ ғарышкері Тоқтар Әубәкіровтің 80 жас мерейтойына орай Бірлік ауылдық кітапханасының қызметкерлері «Ғарыш саңлағы» атты буктрейлер ұйымдастырды.

Шара барысында қатысушыларға Тоқтар Әубәкіровтің өмірбаяны, еңбек жолы, ғарышты игерудегі жетістіктері мен ел дамуына қосқан үлесі туралы кеңінен мәлімет берілді. Сонымен қатар қатысушылармен сұрақ-жауап ұйымдастырылып, олардың танымдық білімдері толықтырылды.