«Өмірі өшпес мұра – Балуан Шолақ» атты өмірбаяндық шолу өткізілді.
22 шілде күні Бәйдібек ауылдық кітапханасында қазақтың әйгілі палуаны, сазгері әрі ақыны Балуан Шолақтың өмірі мен шығармашылығына арналған «Өмірі өшпес мұра – Балуан Шолақ» атты өмірбаяндық шолу өткізілді.
Іс-шара барысында кітапханашы Балуан Шолақтың өмір жолы, шығармашылығы, палуандық өнері және қазақ мәдениетіне қосқан зор үлесі туралы жан-жақты мәлімет берді. Сонымен қатар оқырмандар назарына тақырыпқа байланысты кітап көрмесі ұсынылып, ондағы әдебиеттерге шолу жасалды.
Шара аясында «Кім жылдам?» атты викториналық ойын ұйымдастырылып, қатысушылар өз білімдерін сынады. Белсенділік танытқан балаларға естелік сыйлықтар табысталды. Іс-шара соңында қатысушылар Балуан Шолақтың өмірі мен шығармашылығы туралы мол мағлұмат алып, тарихи тұлғаның өнегелі өмірімен жақынырақ танысты.




