«Еңбектің шыңына жеткен диқан» атты ақпараттық шолу ұйымдастырылды.

15 шілде күні Қонаев ауылдық кітапханасында қазақтың аты аңызға айналған диқаншысы, тары өсірудің хас шебері, ауыл шаруашылығының жаңашылы Шығанақ Берсиевтің туғанына 145 жыл толуына орай «Еңбектің шыңына жеткен диқан» атты ақпараттық шолу ұйымдастырылды.

Шара барысында қатысушылар Шығанақ Берсиевтің еңбек жолы, жоғары өнім алудағы жаңашыл әдістері және ел игілігі жолындағы ерен еңбегі туралы мол мағлұмат алды. Оның өмірі – адал еңбек пен қажырлы қайраттың, табандылық пен елге деген сүйіспеншіліктің жарқын үлгісі. Өз ісіне деген шексіз адалдығының арқасында ол халқымыздың мақтанышына айналды.