«Спорт – денсаулық кепілі» флешмоб өтті.
15 шілде күні Белбасар ауылдық кітапханасында «Спорт – денсаулық кепілі» флешмоб өтті.
«Спорт – денсаулық кепілі» дене шынықтырумен айналысуға ынталандыруға бағытталған көпшілік іс-шара. Флешмоб барысында қатысушылар көңілді әуен ырғағымен бірлескен спорттық жаттығулар орындап, салауатты өмір салтын насихаттайды. Іс-шараның мақсаты – денсаулықты сақтау, белсенді өмір салтын қалыптастыру және спортқа деген қызығушылықты арттыру.

