«Заң мен тәртіп» атты құқықтық сауаттылық сағаты өткізілді.

14 шілде күні Абай ауылдық кітапханасында «Заң мен тәртіп» атты құқықтық сауаттылық сағаты өткізілді.

Шараға Өндіріс ауылдық округінің жастар ісі және жұмыспен қамту жөніндегі маманы Марзия Омарова қатысып, Қазақстан Республикасының Конституциясы, азаматтардың негізгі құқықтары мен міндеттері, заң талаптарын сақтау мәдениеті және құқық бұзушылықтың алдын алу жолдары туралы жан-жақты мәлімет берді. Сонымен қатар қатысушылар өзара пікір алмасып, көкейлеріндегі сұрақтарға жауап алды.

Кездесу барысында құқықтық тақырыптағы кітаптар мен ақпараттық материалдарға шолу жасалып, қатысушылар арасында танымдық сұрақ-жауап ұйымдастырылды.