«Даланың дана диқаны» атты дөңгелек үстел өтті.
14 шілде күні Көктөбе ауылдық кітапханасында екі мәрте Социалистік Еңбек Ері, күріш өсіруші, социалистік егін шаруашылығының даңқты шебері, колхоз құрылысының ардагері, КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Ыбырай Жақаевтың туғанына 135 жыл толуына орай «Даланың дана диқаны» атты дөңгелек үстел өтті.
Іс-шара барысында кітапханашы оқырмандарды ақ күріштің атасы, дән патшасы атанған Ыбырай Жақаевтың өмірі мен еңбек жолымен таныстырды. Сонымен қатар, даңқты диқанның Шиелі өңірінің дамуына қосқан зор үлесі, егіншілік саласындағы жетістіктері мен өнегелі ғұмыры туралы жан-жақты мағлұмат берілді. Қатысушылар Ыбырай Жақаевтың еңбекқорлығы мен елге сіңірген еңбегі жайында өз пікірлерін білдіріп, тағылымды ойларымен бөлісті.



