«Ғасырда бір туатын талант» атты әдеби лото ұйымдастырылды

14 шілде күні Еңбекші ауылдық кітапханасында «Ғасырда бір туатын талант» атты әдеби лото ұйымдастырылып, қазақтың көрнекті театр және кино актері Сағи Асанәліұлы Әшімовтің туғанына 65 жыл толуына орай танымдық шара өткізілді.

Шара барысында қатысушыларға Сағи Әшімовтің өмірі мен шығармашылық жолы таныстырылды. Ол – қазақ киносы мен театрының жарық жұлдызы, қайталанбас талант иесі. Ғұмыры небәрі 38 жылға созылғанымен, өнер әлемінде өшпес із қалдырды.

Кеш барысында актердің театр сахнасында және кино өнерінде сомдаған жарқын бейнелері туралы айтылып, әсіресе оның Шоқан Уәлиханов рөлін жоғары шеберлікпен орындағаны ерекше аталып өтті. Бұл туынды қазақ киносының алтын қорынан орын алған үздік шығармалардың бірі саналады.

Әдеби лото барысында қатысушылар танымдық сұрақтарға жауап беріп, Сағи Әшімовтің шығармашылығы мен қазақ киносы тарихы туралы білімдерін толықтырды.