«Кітап – білім тасымалдаушы» атты жаңа кітаптарға шолу өтті.

14 шілде күні Тасөткел ауылдық кітапханасының қызметкері ұйымдастыруымен «Кітап – білім тасымалдаушы» атты жаңа кітаптарға шолу өтті.

Шара барысында кітапхана қорына жаңадан түскен әдебиеттер оқырмандар назарына ұсынылды. Атап айтқанда, Әлдихан Қалдыбаевтың шығармалары, «Атадан ұл тумайды мендей сарбаз», «Балуан Шолақ» және «Аяз Бетбаев» кітаптарымен таныстырылды.

Кітаптарға жан-жақты шолу жасалып, олардың мазмұны, тарихи-танымдық және тәрбиелік құндылығы кеңінен насихатталды. Шараның мақсаты – оқырмандардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттырып, жаңа әдебиеттермен таныстыру.