«Оқы, талқыла, суретте» оқу сағаты өткізілді.

10 шілде күні Ақсу ауылдық кітапхана қызметкерінің ұйымдастыруымен

«Жаз кітаппен» жоба аясында «Оқы, талқыла, суретте» оқу сағаты өткізілді.

Іс-шараның негізгі мақсаты – оқушылардың жазғы демалыс кезінде кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру, оқыған шығармаларын талдап, өз ойын еркін жеткізуге баулу және шығармашылық қабілеттерін дамыту.

Іс-шара барысында қатысушылар алдын ала таңдалған ертегіні мәнерлеп оқып, оның мазмұны мен тәрбиелік мәнін талқылады. Оқушылар ертегі кейіпкерлеріне мінездеме беріп, өз пікірлерін ортаға салып, оқыған туындыдан алған әсерлерімен бөлісті.