«Опера өнерінің дүлділі» библиографиялық шолу өтті.
8 шілде күні орталық кітапхананың оқырмандарға қызмет көрсету бөлімінің ұйымдастыруымен Е.Серкебаевтың 100-жылдығына орай «Опера өнерінің дүлділі» библиографиялық шолу өтті. Шара барысында қатысушыларға Ермек Серкебаевтың өнер жолы, қазақ опера өнерін дамытудағы еңбегі, сахнада сомдаған жарқын бейнелері мен орындаушылық шеберлігі туралы мәліметтер берілді.Іс-шараның мақсаты – қазақтың әйгілі опера әншісі, КСРО халық әртісі, мемлекеттік сыйлықтардың лауреаты Ермек Серкебаевтың өмірі мен шығармашылығын насихаттау, оның ұлттық мәдениет пен өнердің дамуына қосқан зор үлесін жас ұрпаққа таныстыру.



