«Ауырмаймын десеңіз…» тақырыбында танымдық дәріс өткізілді.
8 шілде күні Еңбекші ауылдық кітапханасында «Ауырмаймын десеңіз…» тақырыбында танымдық дәріс өткізілді.
Мақсаты: оқушыларға шылым шегудің, ішімдік ішудің және нашақорлықтың адам денсаулығына тигізетін зиянын түсіндіру, олардың салдарынан туындайтын түрлі аурулар туралы білімдерін арттыру. Сонымен қатар, оқушыларды салауатты өмір салтын ұстануға, өз денсаулығына жауапкершілікпен қарауға, адам өмірі мен денсаулығын бағалай білуге тәрбиелеу және санитарлық-гигиеналық талаптарды сақтаудың маңызын түсіндіру.
Дәріс барысында зиянды әдеттердің адам ағзасына, отбасына және қоғамға тигізетін кері әсері жан-жақты түсіндіріліп, салауатты өмір салтын ұстанудың артықшылықтары туралы айтылды. Оқушылар өз пікірлерімен бөлісіп, қойылған сұрақтарға белсенді түрде жауап берді. Іс-шараның соңында қатысушыларға денсаулықты сақтау мен зиянды әдеттерден аулақ болудың маңыздылығы тағы бір мәрте ескертілді.



