«Еңселі Елорда, асқақтаған Астана!» атты танымдық сағат өткізілді.

3 шілде күні Тасөткел ауылдық кітапханасының ұйымдастыруымен «Еңселі Елорда, асқақтаған Астана!» атты танымдық сағат өткізілді.

Іс-шараның мақсаты – оқушылардың еліміздің елордасы Астана туралы танымдық білімдерін кеңейту, туған елге деген сүйіспеншілік пен патриоттық сезімдерін қалыптастыру.

Шара барысында кітапханашы Астананың тәуелсіз Қазақстанның символы, еліміздің саяси, экономикалық және мәдени орталығы екенін атап өтті. Сонымен қатар: «Астана – біздің ортақ үйіміз. Оны сүю, таза ұстау және көркейту – әрқайсымыздың азаматтық парызымыз», – деген ойымен бөлісті.

Іс-шара аясында тақырыпқа сай кітап көрмесі ұйымдастырылып, қатысушыларға Астананың тарихы, сәулеті мен көрікті орындары туралы кітаптарға библиографиялық шолу жасалды. Танымдық сағат оқушылардың елорда тарихына деген қызығушылығын арттырып, олардың Отанға деген құрмет сезімін нығайтуға ықпал етті.