«Астана арман қала» атты әдеби кеші болып өтті.

2 шілде күні аудандық орталық кітапхананың Білім орталығында оқырмандарға қызмет көрсету бөлім қызметкерлерінің ұйымдастыруымен 6 шілде – Астана күніне орай «Астана арман қала» атты әдеби кеші болып өтті. Іс-шара барысында кітапханашы Сарыарқаның төсінде Ерке Есілдің жағасында көсіле созылған сұлу бойжеткендей құлпырып келе жатқан Елорда, әр қазақтың мақтанышы екендігі жайында айтып өтіп, дайындаған фото-көрмемен таныстырды. Мәдениетіміздің ошағы, руханиятымыздың түп қазығы болған Астана туралы кітапханамыздың тұрақты оқырмандары А.Елемес «Астана – арман қала, жас қала» өлеңін оқып берсе, А.Қыпшақов «Көңіл ашар» күйін күмбірлете орындап берді. Шара соңында «Астана – ұлтымыздың рухани ордасы» атты кітап көрмесімен таныстырып өтті.

Возможно, это изображение один или несколько человек и текст