«Жыр төгеді жүрегі» атты поэзия кеші
30 маусым күні Белбасар ауылдық кітапханасында «Жыр төгеді жүрегі» атты поэзия кеші қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі, жазушы әрі ақын Софы Сматаевтың өмірі мен шығармашылығын насихаттауға арналды. Кештің мақсаты: қаламгердің поэзиясы арқылы оқырманның әдебиетке деген қызығушылығын арттыру, туған жерге, елге деген сүйіспеншілікке, адамгершілік пен ұлттық құндылықтарды қастерлеуге тәрбиелеу.Іс-шара барысында Софы Сматаевтың өмір жолы мен шығармашылық мұрасы таныстырылып, ақынның кітаптарынан шолу жасады. Ақын шығармаларының тәрбиелік мәнін талдап, оның қазақ әдебиетіндегі орны туралы өз ойларымен бөлісті.



