«Ақ күріштің атасы – Ыбырай» атты сыр кеші өткізілді.
29 маусым күні №1 Шу қалалық кітапханасының қызметкерлерінің ұйымдастыруымен «Ақ күріштің атасы – Ыбырай» атты сыр кеші өткізілді.Іс-шара қазақтың Еңбек Ері, атақты күрішші Ыбырай Жақаевтың өмірі мен өнегелі еңбек жолын насихаттауға арналды. Кеш барысында оқырмандарға Ыбырай Жақаевтың қарапайымдылығы, туған жерге деген сүйіспеншілігі, адал еңбегі, мол тәжірибесі және ауыл шаруашылығын дамытуға қосқан зор үлесі туралы жан-жақты мәлімет берілді.


