«Кітаппен өткен көңілді жаз» атты ертегі оқу сағаты өткізілді.

26 маусым күні Тасөткел ауылдық кітапхана қызметкерінің ұйымдастыруымен «Жаз кітаппен» жобасы аясында «Айгөйлек» балабақшасының тәрбиеленушілерімен «Кітаппен өткен көңілді жаз» атты ертегі оқу сағаты өткізілді.Іс-шара барысында кітапханашы бүлдіршіндерді жас ерекшеліктеріне сай қызықты кітаптармен таныстырып, мазмұнды ертегілер оқып берді. Балалар ертегі кейіпкерлерімен танысып, кітаптардың қызықты әлеміне саяхат жасап, өздерінің әсерлерімен бөлісті. Шара барысында олардың кітапқа деген қызығушылығы артып, белсенділік танытты.