«Жемқорлыққа қарсы құқықтық мәдениет» тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырылды.
26 маусым күні Мойынқұм ауылдық кітапханасында «Жемқорлыққа қарсы құқықтық мәдениет» тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырылды.
Іс-шараның мақсаты:жастардың құқықтық сауаттылығын арттыру, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, сондай-ақ нашақорлық пен есірткінің заңсыз айналымының қоғамға тигізетін зияны туралы түсінік беру.
Дөңгелек үстел барысында қатысушылар жемқорлықтың алдын алу жолдары, заң талаптарын сақтау, адалдық пен әділдік қағидаттарын дәріптеу мәселелерін талқылады. Сонымен қатар нашақорлықтың адам денсаулығына, отбасы мен қоғамға келтіретін зардаптары жөнінде ақпарат беріліп, салауатты өмір салтын ұстанудың маңыздылығы айтылды.
Оқырмандар өз ой-пікірлерімен бөлісіп, тақырып бойынша сұрақтарға жауап алды.


