«Нашақорлық – өмір тұйығы» атты шок-урок өткізілді.
25 маусым күні 26 маусым – Халықаралық нашақорлыққа және есірткінің заңсыз айналымына қарсы күрес күніне орай Бірлік ауылдық кітапханасының ұйымдастыруымен «Нашақорлық – өмір тұйығы» атты шок-урок өткізілді. Іс-шара барысында қатысушыларға нашақорлықтың қоғамға тигізетін зияны, есірткіге тәуелділіктің адам денсаулығы мен өміріне әсері туралы жан-жақты ақпарат берілді. Тақырыпқа байланысты ақпараттық кітапшалар таратылды.



