«Біз нашақорлыққа қарсымыз» атты библиотерапия сағатын ұйымдастырып өткізді.

25 маусым күні №3 Шу қалалық кітапхана қызметкерлері Халықаралық есірткі және наркобизнеске қарсы күрес күніне орай «Біз нашақорлыққа қарсымыз» атты библиотерапия сағатын ұйымдастырып өткізді.Шара барысында кітапханашы жастарға есірткінің адам денсаулығына, психикасына және қоғамға тигізетін зияны туралы жан-жақты түсіндіріп, салауатты өмір салтын ұстанудың маңыздылығына тоқталды. Сонымен қатар, зиянды әдеттерден аулақ болып, бос уақытты тиімді пайдаланудың жолдары жөнінде әңгіме өрбітті.

Іс-шара барысында қатысушылар өз ойлары мен ұсыныстарын ортаға салып, тақырып аясында пікір алмасты, шара жастарды жауапкершілікке тәрбиелеп, олардың дені сау, саналы ұрпақ болып қалыптасуына бағытталды.