«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл – әрбір азаматтың міндеті» атты ақпараттық-түсіндіру іс-шарасы өтті.

24 маусым күні Шу ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің тапсырысы аясында «Нығмет нұры» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен аудандық кітапхана қызметкерлерінің қатысуымен «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл – әрбір азаматтың міндеті» атты ақпараттық-түсіндіру іс-шарасы өтті. Шара барысында сыбайлас жемқорлықтың қоғам дамуына тигізетін кері әсері, оның алдын алу жолдары, заң талаптарын сақтау және азаматтардың құқықтық мәдениетін қалыптастыру мәселелері кеңінен сөз болды. Қатысушылар адалдық, әділдік және ашықтық қағидаттарының маңыздылығы туралы пікір алмасып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастырудың өзекті екендігі атап өтілді.