«Тарих – ұлттың тағдыры» атты тарихи-танымдық кеш өтті.

23 маусым күні орталық кітапхананың Білім орталығында «Елтану» ағартушылық жобасын іске асырудың кешенді жоспары аясында «Тарих – ұлттың тағдыры» атты тарихи-танымдық кеш өтті. Іс-шара барысында Шу аналар алқасының мүшесі Л.Сатыбалдиева тарихтың ұлт өміріндегі маңызы, халықтың өткені мен бүгінін жалғастыратын рухани құндылық ретіндегі орны туралы мазмұнды баяндама жасады. Ол тарихты құрметтеу – ұлттық сананы қалыптастырудың, елдік рух пен отансүйгіштік қасиеттерді нығайтудың маңызды негізі екенін атап өтті.

Кеш барысында қатысушылар ел тарихына қатысты өз ой-пікірлерімен бөлісіп, тарихи мұраны қастерлеу мен келер ұрпаққа насихаттаудың маңыздылығы жөнінде пікір алмасты. Шараның мақсаты:ұлттық тарихты дәріптеу, тарихи сананы қалыптастыру және жастардың туған ел тарихына деген қызығушылығын арттыру.