«Бірлік пен келісім – ел тұтастығы» тақырыбында өзге ұлт өкілдерімен кездесу өткізілді.
23 маусым күні Қонаев ауылдық кітапханасында «Елтану» ағартушылық жобасын іске асырудың кешенді жоспары аясында «Бірлік пен келісім – ел тұтастығы» тақырыбында өзге ұлт өкілдерімен кездесу өткізілді. Іс-шара барысында қатысушылар Қазақстандағы этносаралық татулықтың маңызы, достық пен өзара сыйластық, ұлттық мәдениеттердің ерекшеліктері туралы пікір алмасты. Кездесуде әр ұлттың салт-дәстүрі мен мәдениеті таныстырылып, бірлік пен ынтымақтың қоғамдағы рөлі кеңінен насихатталды.
Шараның мақсаты:жастардың бойында патриоттық сезімді қалыптастыру, халықтар арасындағы достықты нығайту және қоғамдық келісімді дәріптеу. Кездесу жоғары деңгейде өтіп, қатысушыларға үлкен әсер қалдырды.




