«Жамбыл – даналар данасы» кітап көрмесі жасалды.
22 маусым күні №2 Шу қалалық кітапхана қызметкерлерінің ұйымдастыруымен «Ел болып оқимыз» жобасы аясында қазақтың ұлы ақыны, жырау Жамбыл Жабаевтың 180 жылдық мерейтойына орай «Жамбыл – даналар данасы» кітап көрмесі жасалды. Шара барысында кітапханашылар Жамбыл Жабаевтың өмірі мен шығармашылық жолы, қазақ әдебиеті мен руханиятына қосқан өлшеусіз үлесі туралы кеңінен мәлімет берді. Көрмеге ақынның шығармалары, ол туралы жазылған әдебиеттер мен танымдық басылымдар қойылып, оқырмандарға таныстырылды.


