«Есірткіге қарсы күрес – ел ертеңі үшін қажет» дөңгелек үстел өтті .

19 маусым күні Белбасар ауылдық кітапханасында «Есірткіге қарсы күрес – ел ертеңі үшін қажет» дөңгелек үстел өтті .Мақсаты:оқушылар мен оқырмандарға есірткі заттарының адам денсаулығына, психикасына және қоғамға тигізетін зияны туралы жан-жақты түсінік беру, салауатты өмір салтын насихаттау және зиянды әдеттерден сақтандыру. Іс-шара барысында қатысушылар өз ойларын ортаға салып, есірткінің зардаптары, оның алдын алу жолдары және жастардың болашаққа деген жауапкершілігі туралы пікір алмасты. Дөңгелек үстел жас ұрпақтың бойында салауатты өмір салтын ұстануға, өз денсаулығын бағалауға және қоғам алдындағы жауапкершілікті сезінуге тәрбиелеуге бағытталды.Зиянды әдеттерге деген теріс көзқарасы қалыптасып, ел болашағы – саналы әрі дені сау ұрпақ екендігі түсіндірілді.