«Ақ күріштің атасы – Ыбырай» атты танымдық кеш өткізілді.
19 маусым күні Алға ауылдық кітапхана қызметкерінің ұйымдастыруымен қазақтың көрнекті ағартушысы, педагогі, жазушысы әрі қоғам қайраткері Ыбырай Жақаевтың туғанына 135 жыл толуына орай «Ақ күріштің атасы – Ыбырай» атты танымдық кеш өткізілді. Шараның мақсаты – Ы.Жақаевтың қажырлы еңбегін насихаттау, жастарды еңбекқорлыққа, отансүйгіштікке тәрбиелеу және адал еңбектің адам өміріндегі маңызын түсіндіру.
Шара барысында Ыбырай Жақаевтың өмір жолы, еңбекқорлығы, ауылшаруашылығын дамытудағы ерен еңбегі мен жеткен жетістіктері туралы кеңінен мәлімет берілді.


