«Жамбылдың жыр әлемі» сыр кеші өткізілді.

19 маусым күні Абай ауылдық кітапханасында “Ел болып оқимыз “ акциясы аясында қазақ халқының ұлы ақыны, жыр алыбы Жамбыл Жабаев шығармашылығын насихаттау мақсатында «Жамбылдың жыр әлемі» сыр кеші өткізілді. Іс-шара барысында оқырмандар ақынның өмір жолы, шығармашылық мұрасы және қазақ әдебиетіндегі орны туралы мағлұмат алды. Жамбылдың елдік, бірлік, адамгершілік тақырыбындағы жырлары оқылып, оның ақындық өнері мен жыраулық дәстүрі кеңінен таныстырылды.Іс-шараның мақсаты: жас ұрпаққа ұлттық әдеби мұраны дәріптеу, ақын шығармалары арқылы рухани құндылықтарды насихаттау және кітап оқуға қызығушылықты арттыру.