«Әке – отбасының тірегі» атты әкемен кездесу кеші

17 маусым күні Абай ауылдық кітапханасында Отбасы – қоғамның негізгі тірегі болса, сол отбасының берік болуы әкенің орны мен тәрбиесіне байланысты. Осы мақсатта ұйымдастырылған «Әке – отбасының тірегі» атты әкемен кездесу кешінің мақсаты – әкенің отбасындағы рөлін дәріптеу, әке мен бала арасындағы сыйластықты нығайту, ұлттық құндылықтарды насихаттау.

Кездесу барысында әкелер өз өмірлік тәжірибелерімен бөлісіп, отбасыдағы жауапкершілік, бала тәрбиесі, еңбекқорлық пен адамгершілік туралы ойларын ортаға салды. Қатысушылар пікір алмасып, сұрақ-жауап ұйымдастырылды. Іс-шара жастарға өнегелі тәрбие беріп, отбасы құндылықтарын құрметтеуге бағытталды