«Сиқырлы кітаптар» атты библиошар өткізілді.

17 маусым күні Тасөткел ауылдық кітапханасының қызметкері ұйымдастыруымен «Балалыққа кітаппен барар жол» кітап оқуды дамыту жобасы аясында «Сиқырлы кітаптар» атты библиошар өткізілді.Іс-шара барысында оқушылар түрлі қызықты кітаптармен танысып, өздеріне ұнаған шығармалар туралы ой-пікірлерімен бөлісті. Балалар кітап кейіпкерлері мен оқиғалары жөнінде әңгімелесіп, оқыған кітаптарынан алған әсерлерін ортаға салды. Сонымен қатар, кітап оқудың адам өміріндегі маңызы, оның білім мен ой-өрісті дамытудағы рөлі туралы танымдық әңгіме жүргізілді.