«Тұлғатану» сағаты өткізілді

17 маусым күні Еңбекші ауылдық кітапханашысының ұйымдастыруымен Қазақстанның халық жазушысы, ақын, қоғам қайраткері Олжас Сүлейменовтің 90 жылдығына орай «Тұлғатану» сағаты өткізілді.Іс-шара барысында оқырмандарға мемлекетіміздің белгілі қоғам қайраткері, талантты ақын Олжас Сүлейменовтің өмір жолы мен шығармашылығы туралы кеңінен мәлімет берілді. Жазушының қазақ әдебиетіне қосқан зор үлесі, елжандылыққа тәрбиелейтін туындылары насихатталды. Оқушылар ақынның өлеңдерін оқып, шығармаларының мазмұнын талдап, негізгі идеясын түсінді. Сонымен қатар ақын шығармаларындағы отансүйгіштік, адамгершілік және ұлттық құндылықтар туралы ой-пікірлерімен бөлісті.