«Дін-қуатты елдің іргесі берік» тәрбие сағаты өткізілді.
17 маусым күні Ақсу ауылдық кітапхана қызметкерінің ұйымдастыруымен «Дін-қуатты елдің іргесі берік» тәрбие сағаты өткізілді.
Іс-шараның мақсаты: оқушыларға діннің қоғам өміріндегі маңызын түсіндіру, рухани құндылықтарды дәріптеу, діни сауаттылықты арттыру және жастарды адамгершілікке тәрбиелеу. Шара барысында Ақсу ауылдық «Баласағұн» мешітінің имамы Б.Асанұлы дәстүрлі діннің тәрбиелік мәні, ұлттық құндылықтар мен салт-дәстүрдің сабақтастығы туралы мағлұмат беріп, сонымен қатар, діни экстремизм мен терроризмнің зияны түсіндіріліп, жастардың жат ағымдардың ықпалына түспеуінің маңыздылығы айтылды.
Қатысушылар тақырып бойынша өз пікірлерін білдіріп, сұрақ-жауап арқылы белсенділік танытты.


