«Тарихпен тілдескен қаламгер» атты әдеби шолу өтті.

16 маусым күні Бірлік ауылдық кітапхана қызметкерлерінің ұйымдастыруымен жазушы, драматург Софы Сматаевтың туғанына 85 жыл толуына орай «Тарихпен тілдескен қаламгер» атты әдеби шолу өтті. Шара барысында кітапханашы жазушының өмір жолына, шығармашылығына тоқталып, кітап қорындағы кітаптарға библиографиялық шолу жасады.