«Өмірден тағылым – 85 жылдық тарихы» атты өмірбаяндық шолу өтті.

15 маусым күні Абай ауылдық кітапханасында Софы Сматаевтың 85 жылдық мерейтойына орай «Өмірден тағылым – 85 жылдық тарихы» атты өмірбаяндық шолу өтті. Шара барысында жазушының өмірбаяны, әдеби мұрасы, қазақ әдебиетіне қосқан үлесі және қаламгерлік еңбектері насихатталады. Сонымен қатар қатысушыларға жазушының шығармалары таныстырылып, оның рухани құндылықтары мен өнегелі өмір жолы туралы мәлімет беріледі.

Іс-шараның мақсаты:оқырмандарға жазушының шығармашылығын кеңінен таныстыру, ұлттық әдебиетке деген қызығушылықты арттыру және жас ұрпақты рухани құндылықтарды құрметтеуге тәрбиелеу.