«Әке көрген оқ жонар» атты танымдық сағаты өтті.

15 маусым күні Белбасар ауылдық кітапханасында «Әке көрген оқ жонар» атты танымдық сағаты өтті.Ұлттық тәрбиеге, әке өнегесі мен отбасылық құндылықтарды насихаттауға, оқушыларға әкенің бала тәрбиесіндегі орны мен рөлін түсіндіру, үлкенді сыйлауға, еңбекқорлыққа, жауапкершілікке баулу. Қазақ халқының «Әке көрген оқ жонар, шеше көрген тон пішер» деген даналық сөзі арқылы бала тәрбиесінің отбасынан басталатыны, әкенің өнегелі ісі ұрпаққа үлгі болатыны дәріптеледі.

Іс-шара барысында оқушылар әкеге деген құрметін білдіріп, мақал-мәтелдер айтып, өлеңдер оқып, ұлттық құндылықтардың маңызын түсіндірді. Жас ұрпақты адамгершілікке, отан сүйгіштікке және отбасы бірлігін қадірлеуге тәрбиелеуге бағытталған.