«Әкем – менің жандосым» атты әдеби ойын өткізілді.

15 маусым күні Оразалы ауылдық кітапханашысының ұйымдастыруымен «Әкем – менің жандосым» атты әдеби ойын өткізілді.Іс-шара барысында кітапханашы оқушыларға әкенің бала өміріндегі ерекше орны, оның мейірімі мен қамқорлығы, отбасындағы тәрбиелік рөлі туралы айтып, әке мен бала арасындағы сыйластық пен сенімді қарым-қатынастың маңызын түсіндірді. Әдеби ойын барысында қатысушылар түрлі тапсырмалар орындап, мақал-мәтелдер айтып, сұрақтарға жауап беріп, белсенділік танытты.