«Туған жер тұнған шежіре» ақпараттық тайм ұйымдастырып өткізді.

12 маусым күні №3 Шу қалалық кітапхана қызметкерлері «Туған өлкем байлығым» кітапханалық жоба аясында «Туған жер тұнған шежіре» ақпараттық тайм ұйымдастырып өткізді.

Іс-шара барысында балалар туған өлкенің тарихы, табиғаты, көрнекті жерлері мен белгілі тұлғалары туралы мәліметтермен танысты. Сонымен қатар, оқушылар тақырыпқа байланысты сұрақтарға жауап беріп, өлеңдерін мәнерлеп оқыды.