«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес» туралы заңы жайында қысқаша ақпарат берді.

12 маусым күні Көктөбе ауылдық кітапханасында «Жемқорлықсыз қоғам бейнесі» дәріс өткізілді. Шара барысында кітапханашы Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күні, жемқорлық және сыбайлас ұғымдары, сондай- ақ Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес» туралы заңы жайында қысқаша ақпарат берді. Қатысушылармен жемқорлықтың алдын алу жолдары, сыбайлас құқық бұзушылық үшін жауапкершілік және азаматтардың құқықтары талқыланып, жемқорлықтың қоғамға тигізер зияны кеңінен түсіндіріп берді.