«Бабалар салған дара жол» атты тарихи сағат өткізілді.
10 маусым күні Көкқайнар ауылдық кітапханасында Қазақстандағы 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілістің 110 жыл толуына орай «Бабалар салған дара жол» атты тарихи сағат өткізілді.
Іс-шара барысында оқырмандарға 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілістің шығу себептері мен тарихи маңызы жан-жақты түсіндірілді. Көтерілістің Ресей империясының отаршылдық саясатына қарсы туған елін езгіден азат ету, жері мен ұлттық мүддесін қорғау жолындағы халықтың азаттық күресі екендігі туралы мәліметтер берілді.Сонымен қатар, Бейбіт Қойшыбаевтың «Ұлттық қозғалыс сарбазы», «Тарих және тұлға», «Қазақ көтерілістері» атты еңбектері таныстырылып, олардың мазмұны насихатталды.



