«Конституция – ел тұрақтылығының кепілі» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.
9 маусым күні аудандық орталық кітапханада «Конституция – ел тұрақтылығының кепілі» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Іс-шараның мақсаты: Қазақстан Республикасы Конституциясының негізгі нормаларын күнделікті өмірмен байланыстыра түсіндіру, олардың құқықтық сауаттылығын арттыру және заңға құрмет сезімін қалыптастыру.
Дөңгелек үстел барысында Конституцияның азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғаудағы маңызы, қоғамдағы тұрақтылық пен бірлікті қамтамасыз етудегі рөлі кеңінен талқыланды. Қатысушылар өз пікірлерімен бөлісіп, құқықтық мәдениетті нығайту мәселелері бойынша ой алмасты.




