«Ел бірлігін сақтаған қолбасшы» тарихи круиз өтті.
5 маусым күні орталық кітапхананың оқырмандарға қызмет көрсету бөлімінің ұйымдастыруымен Сыпатай Әлібекұлының 245 жылдығына орай «Ел бірлігін сақтаған қолбасшы» тарихи круиз өтті.
Шара барысында ХІХ ғасырдағы қазақ қоғамының көрнекті қайраткері, қолбасшы әрі би Сыпатай батырдың өмір жолы таныстырылып, оның Қоқан хандығының үстемдігіне қарсы күрестегі тарихи рөлі туралы мәліметтер берілді. Батырдың ел тағдыры сынға түскен кезеңдердегі ерлігі, шешендігі мен әділдігі туралы деректер айтылып, тарихи еңбектер мен әдеби шығармаларға шолу жасалды.



